DANEKER АУДАРМА ҚЫЗМЕТІ

Қызметтер

Translations
Translations
Services
Services
Notarization
Notarization

Бізге хабарласыңыз

Егер сізде сұрақтар туындаса, бізге қоңырау шалыңыз немесе хабарлама қалдырыңыз.

қоңырау шалыңыз: +7 701 100 8520

НЕГЕ ДӘЛ БІЗДІ ТАҢДАУЫҢЫЗ ТИІС?

Қазақ сөз төркініне жүгінетін халық! Сол себепті қазақ тілі мен әлемдік тілдер арасында дәнекер болсын деген оймен орталығымыздың атауын «Дәнекер» деп қоюды жөн көрген едік. Дәл әрі кәсіптік аударма, отандық және шетелдік серіктестермен сауатты түрде жасалған қарым-қатынас, әр-түрлі деңгейдегі келіссөздерде аудармашының қызметі және ең қысқа мерзімдегі қатесіз жасалған нотариалдық растау және консулдық заңдастыру – бұның барлығы Қазақстандағы «ДӘНЕКЕР» аударма орталығының қызымет көрсету саласы.

Біздің аудармашылық орталығымыз басқа компаниялардан ең алдымен қызметтеріміздің жоғары сапасы мен көп бейімді қызметімен ерекшеленеді. Біз жазбаша және ауызша аударма жасауға, күрделі техникалық мәтінді аударуға және қажетті жағдайда тапсырыскерлерге аудармаларды нотариалды растауға және құжаттарды заңдастыруға көмектесуге дайынбыз.

Казахстанская переводческая компания «ДАНЕКЕР» – это место, где в кратчайшие сроки решаются самые сложные вопросы. Обратившись к нам, Вы получите перевод любой тематики.

Әр түрлі мазмұндағы және әр-түрлі тілдегі мәтіндерді аударуды талап ететін кез келген адам немесе компания, біздің клиентіміз бола алады. Астанадағы «ДӘНЕКЕР» аударма орталығы іскерлер үшін халықаралық қарым-қатынас жасағанда құжаттарды кәсіптік аударудың қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Біз сауатты түрде жасалған жазбаша және ауызша аударманың көптеген мәселелерін шешуге және серіктестермен жақсы қарым-қатынас жасауға көмектесетіндігін жақсы сезінеміз. Біздің қызметкерлеріміз құжаттар шетелде заңды күшке ие болуын қамту үшін оларды уақытылы заңдастыру керек болғанда да клиенттерге көмектесуге дайын.

Қазақстандағы «ДӘНЕКЕР» аударма орталығы өз қызметтерінің сапасына кепілдік беруге дайын. Өйткені:

Біз кез-келген күрделілік, тақырып және тілдегі жазбаша және ауызша аударма жасаймыз;

Аудару және басқа қызметтерін өз саласында ең жақсы мамандар көрсетеді, яғни, Сіздерге жоғары деңгейдегі сапалы аудармағакепілдік беріледі;

Үлкен көлемді тапсырыс немесе кешенді қызметтерге тапсырыс берген жағдайда Сізге жеңілдіктер беріледі;

Сізге мәтінді аудару, нотариалдық растау және заңдастыру қызметтеріне компаниямыздың көп жылдық тәжірибесі негізделген кепілдік беріледі;

Сіз біздің тапсырыскерлерге қалай қызмет көрсететіндігімізді ұнатып, сіздің бізге тағы да міндетті түрде келгіңіз келеді. Мереке немесе демалыс күні де хабарласып, өзіңіздің аудармаларыңызды жасатуыңызға болады.

Егер қандай да бір қателік кеткен болса ақысыз әрі кезексіз дұрысталады.

Біздің аударма орталығымыз тапсырыс берушілердің әрқайсысын бағалайды, бізге кез-келген өтініміңіз маңызды. Және де мәтіндерді аудару қызметтері сіз күткендей сауатты, тез және жоғары сапамен көрсетілетіндігіне сене аласыз.